Біз туралы қысқаша

«Шардара ГЭС» АҚ құрудың мақсаты - Нарын-Сырдария каскадының су-энергетикалық кешенін пайдалану бойынша іс-әрекеттерді үйлестіруді күшейту, су бассейні потенциалын пайдаланудың тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағын энергиямен қамтуболып табылады.

Толығырақ

 БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗ

2016 жылғы 15 наурыздағы сейсенбі күні сағат 10.00-де «Шардара СЭС» АҚ ғимаратында Қоғам басшылығының еңбек ұжымының алдында 2015 жылдың қорытындысы және алдағы кезеңге міндеттері туралы есеп берубойынша жалпы  жиналыс  өткізілді.

1. «Шардара СЭС» АҚ –ның 2015 жылдың қорытындысы және алдағы кезеңге міндеттері туралы.

Күн тәртібі бойынша "Шардара СЭС" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы С.М. Сайманов  баяндама  жасап,  мыналарды  атап  өтті:

Қызметтің маңызды көрсеткіштерін (ҚМК) орындау нәтижелері туралы

2015  жылдың  қаңтар - желтоқсан айларының Электр энергиясын өндіру көлемі   465,3 млн кВт/сағ  құрады, жоспар кезінде 397,0 млн. кВт / сағ немесе 117 %. Электр қуаты іске асыру үшін 460,4 млн. кВт / сағ құрады жоспар кезінде 389,8 млн. кВт/сағ,  118 %.

Толығырақ...

 

БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗ

«Шардара СЭС» АҚ міндеттемелерін оның өзіндік капиталы мөлшерінің он және одан да көп проценті болатын шамаға көбейтетін,  ірі мәміле және жасалуына «Шардара СЭС» АҚ  мүдделі мәміле жасасу туралы ақпарат

«Шардара СЭС» АҚ Директорлар кеңесі 2015 жылғы 30 қазанда (№6 Хаттама)   «Шардара СЭС» АҚ, Еуропалық жаңғырту және даму банктың және «Самұрық-Энрего» АҚ аралындағы  «Шардара СЭС» АҚ   және  Еуропалық  жаңғырту  және  даму  банктың  арасындағы 2012 жылғы 24 тамызда  жасалған  Несиелік  келісімге  осы  шешімнің  №1  Қосымшасына  сәкес,  №2 Қосымша – келісім жасау, осы шешімнің №2 Қосымшасы және ЕЖДБ Хатына сәйкес өзгерістер және толықтырулар  енгізетін «Шардара СЭС» АҚ міндеттемелерін оның өзіндік капиталы мөлшерінің 10 (он) және одан да көп проценті болатын шамаға көбейтетін өзгерістер енгізетін ірі мәміле және жасалуына «Шардара СЭС» АҚ  мүдделі мәміле жасау туралы шешім қабылдады.

 

БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімді өкілі, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы Басқармасының Төрағасы Алмасадам Майданович Саткалиевтың «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамындағы «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен және еңбек ұжымымен кездесуі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңындағы саяси науқан аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімді өкілі, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы Басқармасының Төрағасы Алмасадам Майданович Саткалиев «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамында «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен және еңбек ұжымымен кездесті. 

Кездесуді  «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасыБакытбек Каипжанович Жанабаевашып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімді өкілі, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы Басқармасының Төрағасы Алмасадам Майданович Саткалиевке сөз берді.

Президенттікке кандидаттың сенімді өкілі А.М.Саткалиев жиналғандарды Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырып шықты және «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен еңбек ұжымын 26 сәуірдегі сайлау күгі сайлау учаскелеріне түгел ұйымдасқан түрде келіп, кемеңгер ішкі және сыртқы саясатының арқасында жыл сайын елімізді гүлдендіріп, адамдардың әл-ауқатын жақсартып келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс беруге шақырды.

А.М.Саткалиевтің сөзін мына шығып сөйлеушілер бірауыздан қолдады:

Тоқсанбай Бердібеков - сенімді өкіл, «Нұр Отан» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы 16-съезінің делегаты, «Нұр Отан» партиясынан Президенттікке кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Шардара аудандық штабының жетекшісі;

Ыбрай Сахұлы Сахов - Шардара су электр станциясының еңбек ардагері;

Татьяна Геннадьевна Широкова - «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы кәсіподақ комитетінің мүшесі, «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы электр цехының регенераторшысы;

Үсен Тұрысбекұлы Құралбай - сенімді өкіл, «Нұр Отан» партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Шардара аудандық штабының мүшесі, «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы заң басқармасының бастығы;

Сәбит Рақышбекұлы Танаев - «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымының төрағасы, «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы өндірістік-техникалық бөлімінің инженер-энергетигі;

Сапарғали Арыстанбекұлы Омаров - «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының өкілі, «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы электр цехының цех ауысым бастығы.

«Шардара СЭС» АҚ баспасөз қызметі

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты өткізілген «Дөңгелек үстел» отырысы туралы баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 1018 Жарлығына сәйкес 2015 жылдың 26 сәуіріне Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы тағайындалды.

«Нұр Отан» партиясының 2015 жылғы 11 наурызда өткен 16 съезінде партия атынан Президенттікке ұсынуға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы  бірауыздан шешім қабылданды.

Осыған орай партияның республикалық, облыстық, қалалық және аудандық сайлау штабтары құрылып, белсенді жұмысқа кірісіп кетті.

Н.Ә.Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылау мақсатында «Нұр Отан» партиясының бұрынғы съездерінің және 16 съезінің делегаттары, сенімді өкілдер: Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық штабының мүшесі Құдайберген Төлепұлы Ержанның және Шардара аудандық штабының жетекшісі, Шардара аудандық мәслихатының хатшысы Тоқсанбай Бердібеков бастаған аудандық штаб мүшелерінің «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамындағы бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесуі «Дөңгелек үстел» түрінде өткізілді.

Бұл шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  де қатысты.

«Нұр Отан» партиясынан Президенттікке кандидат Н.Ә.Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасымен оның сенімді өкілдері  Қ.Т. Ержан мен Т. Бердібеков жиналғандарды таныстырып шықты.

Президенттікке кандидатН.Ә.Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылауға аудандық мәслихат депутаты, аудандық штабтың мүшесі, сенімді өкіл Ерғали Қарымсақов және «Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамының қызметкерлері:  заң басқармасының бастығы, аудандық штабтың мүшесі, сенімді өкіл Үсен Құралбай, турбина цехының бастығы Нұрлан Аманов, электр цехының станция аға ауысым бастығы Әзіретқұл Нармұратов, осы цехтың регенераторщигі Татьяна Широкова, гидротехникалық цехтың жұмысшысы Жұмақұл Жүнісов және Басқарма Төрағасының орынбасары-Бас инженер Сейітмұрат Сайманов шығып сөйлеп, партияның 16 съезінің шешімін қызу қолдап, 2015 жылғы 26 сәуірдегі сайлау күні Нұрсұлтан Назарбаевқа бірауыздан дауыс беруге партия мүшелерін және еңбек ұжымының барлық мүшелерін шақырды.

«Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамының барлық қызметкерлері 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Президент сайлауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бірауыздан дауыс беретіндігін мәлімдеді.

 

«Шардара СЭС» АҚ баспасөз қызметі

 

ПРЕСС - РЕЛИЗ

«Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы  

Басқармасының Төрағасы туралы

«Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) жалғыз акционері – «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы басқармасының  2015 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен Қоғамның Басқарма Төрағасы қайта сайланды.

Осы шешіммен Бақытбек Қайыпжанұлы Жаңабаев Қоғам Басқармасының Төрағасы лауазымына сайланды.

Басқа  жұмысқа ауысуына байланысты Талғат Шәкәрімұлы Бөкеновтің Қоғам Басқармасының Төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Қоғам Басқармасының Төрағасы Бақытбек Қайыпжанұлы Жаңабаев өзінің лауазымдық міндеттерін атқаруға кірісті.

Бақытбек Қайыпжанұлы Жаңабаевтың өмірбаяндық деректері

Б.Қ. Жаңабаев 1966 жылғы 23 ақпанда туылған. Білімі-жоғары, Алматы халық шаруашылығы институтын және Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін  бітірген, мамандығы экономист және  инженер-электрик.

Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. Қазақстандағы ірі энергетикалық объектілер снатына жататын Мойнақ су электр станциясын салуға және пайдалануға тапсыру жұмыстарына толық қатысып, жауапты және басшы қызметтерде болды, 2012-2014 жылдары оның бас директоры қызметін атқарды.

2014 жылдан «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып сайланғанға дейін «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының салынып жатқан объектілері дирекциясының басшысы болды.

Жанұялы, төрт баласы және бір немересі бар.