Біз туралы қысқаша

«Шардара ГЭС» АҚ құрудың мақсаты - Нарын-Сырдария каскадының су-энергетикалық кешенін пайдалану бойынша іс-әрекеттерді үйлестіруді күшейту, су бассейні потенциалын пайдаланудың тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағын энергиямен қамтуболып табылады.

Толығырақ

«Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамында «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған іс-шара өткізілді.

 

         Іс-шараға «Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамында еңбек ететін жұмысшылар мен қызметкерлер қатысты. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар: Шардара аудандық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының бірнеше съездерінің делегаты Тоқсанбай Бердібеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Мырзатай Нұрманов және бұрынғы «Шардара су электр станциясы мен су қоймасы» республикалық кәсіпорнының директоры болған Ыбрай Сахов қатысып отырды.

         Іс-шараны жариялау мақсатымен оған мына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келіп қатысты:

         «Оңтүстік Қазақстан» газеті

         «Өскен өңір» газеті (Шардара ауданы)

«Шартарап шарайна» газеті (Шардара ауданы)

«24 KZ» телеканалының Шымкенттегі өкілдігі

«Отырар» телеканалы (Шымкент қаласы).

         Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын  талқылау  жөніндегі іс-шараның бірінші бөлігі «Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамының мәжіліс залында «Дөңгелек үстел» басында қатысушылардың еркін талқылауы түрінде өтті.

«Дөңгелек үстелді»«Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамы заң басқармасының бастығы, «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының хатшысы Үсен Тұрысбекұлы Құралбай Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы баяндама жасап, кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

         Елбасының алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне жан-жақты қолдау көрсетіп және мақұлдап мына азаматтар сөйледі:

         Ыбрай Сахов  - еңбек ардагері, «Шардара су  электр станциясы мен су қоймасы» республикалық кәсіпорнының директоры  болып 30 жылдан аса қызмет атқарған еңбек ардагері;

Тоқсанбай  Бердібеков - Шардара аудандық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы съездерінің делегаты;

Талғат Шәкәрімұлы Бөкенов - «Шардара су  электр станциясы»

акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы;     

Татьяна Геннадьевна Широкова - «Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамы электр цехының регенераторщигі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жөніндегі іс-шараның екінші бөлігі «Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамының су электр станциясының гидроагрегаттары орналасқан машина залында цехтардың жұмысшыларымен тікелей кездесуде жалғасын тапты.

Жұмысшылар алдында еңбек ардагері Сахов Ыбрай, «Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары - Бас инженер Сейітмұрат Мырзабекұлы Сайманов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Мырзатай Нұрманов Президент Жолдауынан алған өз әсерлерімен бөлісті.

Сөзге шыққан азаматтар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығын атап өтіп, әркім өз жұмыс орнында белсенді еңбек етіп, Елбасының Жолдауына қолдау көрсетуге шақырды.

 

«Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі