Біз туралы қысқаша

«Шардара ГЭС» АҚ құрудың мақсаты - Нарын-Сырдария каскадының су-энергетикалық кешенін пайдалану бойынша іс-әрекеттерді үйлестіруді күшейту, су бассейні потенциалын пайдаланудың тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағын энергиямен қамтуболып табылады.

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау туралы ХАБАРЛАМА

«Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараға «Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамында еңбек ететін жұмысшылар мен қызметкерлер қатысты.

Іс-шараға арнайы келген қонақтар: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанат Абдоллаұлы Жарасов, Бақытқожа Салахадинұлы Ізмұхамбетов, Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев және Шардара ауданының әкімі Болатбек Дүйсенбекұлы Қыстауов қатысып отырды.

Іс-шараны жариялау мақсатымен оған мына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келіп қатысты:

«Оңтүстік Қазақстан» газеті

«Өскен өңір» газеті (Шардара ауданы)

«Шартарап шарайна» газеті (Шардара ауданы)

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын  талқылау  жөніндегі жиынды Шардара ауданының әкімі Болатбек Дүйсенбекұлы Қыстауов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мақсаттары мен міндеттерін атап, кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталып, олардың ерекше маңыздылығын атап өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытқожа Салахадинұлы Ізмұхамбетов, Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов, Жанат Абдоллаұлы Жарасов және «Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамы заң басқармасының бастығы Үсен Тұрысбекұлы Құралбай Қазақстан халқына Жолдауға жан-жақты қолдау көрсетіп және мақұлдап сөйледі.

Сөзге шыққан азаматтар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығын атап өтіп, әркім өз жұмыс орнында белсенді еңбек етіп, Елбасының Жолдауына қолдау көрсетуге шақырды.

«Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі