Біз туралы қысқаша

«Шардара ГЭС» АҚ құрудың мақсаты - Нарын-Сырдария каскадының су-энергетикалық кешенін пайдалану бойынша іс-әрекеттерді үйлестіруді күшейту, су бассейні потенциалын пайдаланудың тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағын энергиямен қамтуболып табылады.

Толығырақ
23 Нау 2018

Информация о ходе прохождения ОЗП 2017-2018 гг.

Информация о ходе прохождения ОЗП 2017-2018 гг.

ОЗП 2017-2018гг фактическая выработка в период с 15.10.2017 г. по 15.04.2018г. тыс кВт*час 155758
технологические нарушения в период с 15.10.2017 г. по 15.04.2018г.   0
23 Қаң 2018

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналып өткізілген іс-шара туралы ХАБАРЛАМА

  «Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналып іс-шара өткізілді.

  Жиында «Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамы заң басқармасының бастығы Үсен Тұрысбекұлы Құралбай Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы баяндама жасады. Баяндамашы Елбасы Жолдауының мына мәселелеріне ерекше тоқталды:

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді. Қажетті бағдарламалардың барлығы бар. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.  Бұл үшін мынадай он міндетті шешуге жұмылуымыз керек:

Бірінші. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

Екінші. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

Үшінші. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

Төртінші. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

Бесінші. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

Жетінші. Адами капитал – жаңғыру негізі.

Сегізінші. Тиімді мемлекеттік басқару.

Тоғызыншы. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Көп жұмыс істеліп жатыр.

 Оныншы. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Баяндамашы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығын атап өтіп, әркім өз жұмыс орнындағы белсенді еңбегімен Елбасының Жолдауына қолдау көрсетуге шақырды. Жолдауды  қолдау  бойынша турбина  цехының  слесарі Ж.Абубакиров және  электр  цехының  электргаздәнекерлеушісі А.Коробов,  автокөлік  шаруашылығының  бастығы Н.Лаханов  Қазақстан Республикасы Президентінің  Жолдауын қолдап сөз  сөйледі.

 «Шардара су  электр станциясы» акционерлік қоғамыныңбаспасөз қызметі

Толығырақ...

06 Нау 2017

АО «Шардаринская ГЭС» вручен Сертификат доверия

С 29 февраля по 2 марта 2016 года был произведен контроль иной формы с посещением Общества государственным инспектором труда Южно-Казахстанской области Абдиевым А. С.

Толығырақ...

14 Ақп 2017

Ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау туралы ХАБАРЛАМА

Толығырақ...

01 Сәу 2016

Ақпарат

«Шардара СЭС» АҚ 2015 жылдың қорытындысымен ОҚО-да үздік салық төлеуші - заңды тұлға деп танылып, диплом және сувенир алды

Толығырақ...