Біз туралы қысқаша

«Шардара ГЭС» АҚ құрудың мақсаты - Нарын-Сырдария каскадының су-энергетикалық кешенін пайдалану бойынша іс-әрекеттерді үйлестіруді күшейту, су бассейні потенциалын пайдаланудың тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағын энергиямен қамтуболып табылады.

Толығырақ

«Шардара СЭС» АҚ қызметкерлерінің жалпы саны 137 адамды құрайды.  «Шардара СЭС» АҚ қызметкерлерінің саны және ұйымдық құрылымы 2020 жылғы 30 желтоқсанында (№ 35 хаттама) «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасымен бекітілген.

  

        Қоғамның Басқарма құрамын сайлау:

       1) Басқарма Төрағасын Жалғыз акционер 2020 жылғы 11 ақпанда сайлады («Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма отырысының № 3 хаттамасы),

       2) Басқарма Төрағасының орынбасары - Бас инженерін Жалғыз акционер 2018 жылғы 20 желтоқсанда сайлады («Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма отырысының № 27 хаттамасы)

       3) Қаржы-экономикалық мәселелер бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары Жалғыз акционер 2018 жылғы 20 желтоқсанында сайлады («Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма отырысының № 27 хаттамасы).

      Қоғамның ұйымдық құрылымына мыналар кіреді:

  1. Басқару бөлімі:

- Басқарма төрағасы;

- Басқарма төрағасының орынбасары - бас инженер;

- Басқарма төрағасының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары;

- Бас инженердің орынбасары;

- Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі кеңесшісі;

- Корпоративтік хатшы;

- Комплаенс-офицер;

- Аудармашы;

- Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі бойынша менеджер;

- Бухгалтерия;

- Жоспарлау-экономикалық бөлім;

- Қамтамасыз ету басқармасы;

- Заң басқармасы;

- Өндірістік-техникалық бөлім;

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

  1. Өндірістік бөлімдер:
  2. Электр цехы
  3. Релелік қорғаныс, автоматтандыру және сынақ жүргізу (РҚАжСЖ) қызметі
  4. Орталық басқару құрылғысы
  5. Турбина цехы
  6. Су техникалық цехы
  7. Автокөлік шаруашылығы
  8. Асхана

          "Шардара су электр станциясы" акционерлік қоғамында кадрлармен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің қызметкерлердің білім деңгейі мен іскерлік біліктілігін арттыруға мүмкіндігі бар. Үнемі семинар сабақтары, жабдықтарды пайдалану, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тестілеу өткізіледі. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына сәйкестігіне жүйелі түрде емтихандық тексерулер жүргізіледі.

       «Шардара СЭС» АҚ-да филиалдар мен өкілдіктер, еншілес және тәуелді акционерлік қоғамдар түріндегі жеке құрылымдық бөлімшелер жоқ, сонымен қатар басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірлескен қызметті жүзеге асырмайды. Сонымен қатар, Қоғам жақын арада бөлек құрылымдық бөлімшелер құруды және бірлескен іс-шараларды өткізуді жоспарламайды.