Біз туралы қысқаша

«Шардара ГЭС» АҚ құрудың мақсаты - Нарын-Сырдария каскадының су-энергетикалық кешенін пайдалану бойынша іс-әрекеттерді үйлестіруді күшейту, су бассейні потенциалын пайдаланудың тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағын энергиямен қамтуболып табылады.

Толығырақ

Шардара гидроторабының гидротехникалық кешені Сырдария өзенінің бойында, С.Я.Жук атындағы «Гидрожоба» институтының Орта Азиялық бөлімінің жобасы бойынша, КСРО АШМ-нің бекітуімен (12.10.60 жылдың №21 хаттамасы) құрылған. Оның мақсаты кешенді: ирригация, энергетика, су тасқынымен күресуі, балық өсіру. Су қоймасы арна типті, ГЭС тоғаны Шардара қаласында орналасқан, Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Гидроэнергожоба» институтының (Орта Азиялық бөлімі) шешіміне сәйкес, 1960 жылы Шардара су қоймасы жобасының техникалық толықтырулары аяқталып, жұмыс сызбалары тапсырылды. Сол сызбаларға қарап құрылыс жүргізілді. Шардарақұрылыс басқармасының бірінші басшысы А.К.Қасымов болып, басқару штабы жергілікті Жаушықұмда орналасты. 

Ағысты реттеу маусымды түрде болып, көп жылды - өте сейрек болады. Шардара ГЭС - 10 пайдалануға беру мерзімі–15.10.1967 жыл. Шардара ГЭС-cы - Нарын-Сырдария каскадының соңғы ГЭС-сы болып табылады. 

«Шардара ГЭС-сы» АҚ-ы 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен, Оңтүстік Қазақстан территориялық мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру  комитетінің 25.08.98ж. №585 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.02.98ж. №76 Қаулысын орындау үшін, Шардара ГЭС-сы мүліктік кешенінің негізінде құрылды. Сонымен қатар, «Шардара ГЭС-сы» АҚ-ы 22.09.98ж. бөлісу балансына сәйкес «Шардара ГЭС-сы мен су қоймасы» РМК-ның құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып табылады. 

«Шардара ГЭС» АҚ – ның құрылу кезіндегі жарғылық қоры  130188000 теңгені құрады. «Шардара ГЭС» АҚ – ның Директорлар Кеңесінің шешімімен (2008 ж. 25 қаңтар № 1 хаттама) қаржылық нарықты және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігімен тіркелген, 202567000 теңге сомасына акцияларын шығару арқылы, 2006 жылы Қоғаммен алынған табысты капитализациялау жолымен Қоғамның жарғылық капиталының мөлшері ұлғайтылды. Акциялардың шығарылымы эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік реестіріне енгізілді. 2008 жылы 30 шілдеден «Шардара ГЭС» АҚ – ның жарғылық капиталы 332755000 құрайды (үш жәз отыз екі миллион жеті жүз елу бес мың) теңге.