Shortly about us

The purpose of creation JSC "Shardarinskaya HPP" is to strengthen the coordination of the operation of the water - energy complex Naryn - Syrdarya cascade, optimization of energy supply in Southern Kazakhstan.

More

Дата размещения 22 август 2020 год

«Шардара СЭС» АҚ  (161400, Түркістан облысы, Шардара қаласы, Елмұратов көшесі, 13,  sharges @ mail.ru) «Шардара СЭС» АҚ 2020 - 2022 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына аудиторлық тексеру жүргізу және қоғамның 2020 – 2022 жылдардағы 9 айлық қорытынды  қаржы есебіне алдын ала аралық шолу жүргізу қызметін бәсекелестік келіссөз жүргізу тендері  әдісімен  өткізетіндігі  жөнінде хабарлайды.

Сатып алынатын қызмет түрінің толық тізбесі, оның саны, қызмет көрсету мерзімі, орны және егжей – тегжей ерекшелігі, қатысушы аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміндегі сұраныста көрсетілген.

Сатып алуға бөлінген қаражат 2020 жылға – 6 553 200 теңге ҚҚС қосылмағанда,     2021 жылға – 6 880 860 теңге ҚҚС қосылмағанда, 2022 жылға – 7 156 094,40 теңге ҚҚС қосылмағанда.

Қатысушы аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміндегі сұранысты мына мекен-жай бойынша: 161400, Түркістан облысы, Шардара қаласы, «Шардара СЭС» АҚ, Елмұратов көшесі, 13, және sharges @ mail.ru электронды пошта арқылы сұраныс хатпен алуға болады.

Аудиторлық ұйымдар рәсімге қатысу үшін өтінімдерін  мына мекен-жай бойынша ұсынады (жібереді): 161400, Түркістан облысы, Шардара қаласы, «Шардара СЭС» АҚ, Елмұратов көшесі, 13.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2020 жылғы 07 қыркүйек сағат 15-00 ге дейін.

Қосымша  ақпарат  пен  анықтаманы  мына  телефондар  арқылы  алуға болады: 8(725-35) 2-11-45; 2-11-02